Куатбекова Дана Жумабаевна директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тараз қаласы №47 орта мектебі
Қуатбекова Дана Жумабаевна
Түйіндеме
1.Аты-жөні: Қуатбекова Дана Жумабаевна
2.Туған жылы: 27.02.1990ж
3.Туған жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы
4.Бітірген оқу орны: Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті
5.Білімі: жоғары
6.Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
7.Лауазымы: директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары
8.Еңбек өтілі: 11 жыл
9.Пед.өтілі: 11 жыл
10.Санаты: Педагог-зерттеуші, Екінші санаттағы басшының орынбасары.
11.Шығармашылық тақырыбы: Бастауыш сынып оқушылардың дарындылығын арттыру
12.Жеке қасиеттері: ізденімпаз, жауапкершілікті, мақсатқа ұмтылғыш, жаңашыл
13.Қызығушылығы: әдеби кітаптар оқу, өнер саласы
Куатбекова Дана Жумабаевна 1990 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. 2011-2014 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын тәмәмдаған, 2021-2023 жылдары Ш.Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогика ғылымдарының магистрі» атағын алды. Педагог-зерттеуші, Екінші санаттағы басшының орынбасары. Халықаралық «TOEFL IBT» ағылшын тілінен сертификат,«Казтест» сертификат иегері.Облыстық білім басқармасы басшысынан, «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасынан өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие мен заманауи білім берудегі еңбегі үшін, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Республикалық Ғылым мен білімді қолдау орталығынан білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Халықаралық конференцияларда өз тәжірибесімен бөлісті.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және заңнамасын білуге арналған тестілеуден сәтті өткен. «Тиімді коммуникация және келіссөз жүргізу», «Инклюзивті білім беру», «ПШО», «Өрлеу» біліктілігін арттыру түрлі курстарынан өткен.Заман талабына қарай жасанды интеллект SMART курсын оқыған.12 мақаласы және авторлық кітабы жарық көрген. Авторлық кітабы Республика аумағында Меркі, Шу, Түркістан мектептерінде бастауыш сынып сабақтарында қолдануға енгізіліп, сабақтарда қолдану барысында жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы еңбек өтілі 11 жыл. Тараз қаласы №47 орта мектебінде 2014 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі, 2025 жылдан бастап аталған мектепте директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқаруда.Мектепте қоғамдық жұмыстарға және түрлі іс-шараларға белсене қатысып, өзін жақсы жағынан көрсете біледі. Қарапайым, сыпайы, жауапкершілігі жоғары, әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста.Өзіне берілген жұмыстарды уақытында, үлкен жауапкершілікпен, тыңғылықты орындайтын креативті, жаңашыл маман.Жыл соңындағы ұстаздар жетістіктері рейтингісі бойынша оптимизм ұстаздар қатарында болған.Тапсырылған жұмыстарды уақытында орындап отырады. Ұжым мен әріптестер арасында бедел мен құрметке ие. Білімін үнемі жетілдіріп отырады, жаңадан қабылданған педагогке тәлімгер ретінде де өз білімділігін көрсете білді.Қорыта келгенде заман талабына сай білімді, тәжірибелі, білікті маман.