Сапалы білім – Жаңа Қазақстан болашағы
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады. Осыған орай, Тараз қаласы, №47 орта мектебінде білім сапасын арттыру мақсатында «Сапалы білім – Жаңа Қазақстан болашағы» атты тақырыпта мұғалімдер арасында семинар - тренинг өткізілді. «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша математика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Әлия, «Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімді жолдары» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Аблаева Әлия өз тәжірибелерімен бөлісті. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Ж.Жақсылықбаева «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы... » - деген Әл-Фарабидің сөзімен қорытындылап, білім сапасының негізгі тиегі тәрбие екендігін түсіндірді.