26
желтоқсан
2022
Біз бақытты баламыз!
2022 жылы 5-6 желтоқсанда Балалар жылы аясында "Біз бақытты баламыз!" атты қалалық балалар шығармашылық өнер фестиваліне №47 мектептің "Айналайын" би үйірмесі, оқушылар хоры және дефиле номинациясы бойынша жас өнерпаздар қатысты. Қатысушылар қалалық іріктеу кезеңінен өтіп, 14 желтоқсан күні болған қалалық гала концертте өнер көрсетіп, марапатталды. "Айналайын" би үйірмесінің жас өнерпаздары Бозінген биін орындап, "Үздік би" номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі Ж.Байділдаева, 4- сыныптың 40 оқушысының орындауындағы "Егемен елім" хоры "Үздік хор" номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері музыка пәнінің мұғалімдері Қ.Қаптағаева, Р.Бердалиева
"Жас сәнгер" номинациясы бойынша үздік деп танылған Айдынқызы Аида алғыс хатпен марапатталды.Дайындаған сынып жетекшісі Г.Сатанова.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, толағай табыстар тілейміз