14
желтоқсан
2022
Тараз қаласы № 47 орта мектебінің оқушыларына желтоқсанның он төрті күні №7 мобильдік топ профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тараз қаласы № 47 орта мектебінің оқушыларына желтоқсанның он төрті күні №7 мобильдік топ профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Топ жетекшісі Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ғ.Н.Жакупов оқушылар арасындағы әлімжеттік, бопсалау, заңға қайшы іс-әрекеттер және мектеп аумағына әкелуге тыйым салынған заттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар алдағы мереке күндері жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, қаңғыбастыққа жол бермеу үшін тек заңды өкілдерімен отбасында болуға кеңестер берілді.

