Сенімен Болашақ » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сенімен Болашақ
03
ақпан
2023

Сенімен Болашақ

2023 жылы, 2 ақпан күні №47 орта мектебінде "Сенімен Болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының менеджері Құрманәлі Қуандық Қайратұлы, психолог - маман Марал Хантөреқызы, мектеп директоры Айжан Ақтілеуқызы мектептегі 
ата-аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысованың қатысуымен  "Саналы ата- ана бақытты бала" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Мектепте бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлін арттыруға ықпал ету, мектеппен ынтымақтаса отырып, тығыз байланыста жұмыс істеуге шақыру, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігін арттыру.
"Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің миссиясы:
Еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру.
Ата-аналардың психологиялық - педагогикалық сауаттылығын арттыру, ата-аналардың ойын ояту.
Жиналысты мектеп директоры Айжан Ақтілеуқызы ашып, мектеп оқушыларының тәртібі, оқу үлгерімі және оқушылардың жетістіктеріне тоқталды.  Ата-ана баланың бас ұстазы екенін айтып, балалар қауіпсіздігі, ата- аналардың бала өміріне жауапкершілігі туралы айтып өтті.
"Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің менеджері Құрманәлі Қуандық Қайратұлы ата- аналарға қоғамдық бірлестіктің миссиясы және жұмысын таныстырып, "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"  тақырыбында  бала тәрбиесіне қатысты ой тастап, пікірлесті.
Осы бірлестіктің психолог- маманы Марал Хантөреқызы бала тәрбиесі, отбасындағы дұрыс қарым-қатынас, баланы жақсы көру, еркелету, көңіл бөлу, жігерлендіру бойынша ата-аналарға пайдалы кеңестер берді. Ата- аналарға бала тәрбиесіне қатысты арнайы бейнеролик көрсетілді.
Ата-аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова ата-аналарды мектеппен тығыз байланыста болуға және балаларына көп көңіл бөлуге шақырды.
Жиналыста мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Мұханов  ата-аналарға оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысында жүргізіліп жатқан шаралар бойынша айтып, әлеуметтік желіде кең таралып отырған бала өмірі мен денсаулығына қауіпті түрлі ойындардың зиянынан жасөспірімдерді  сақтандыруды ескертті. Оқушылардың ұялы телефон пайдаланудағы  қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттілігін айтып өтті.
Жиналыс соңында мектеп директоры Айжан Ақтілеуқызы келген қонақтарға алғыс айтып, балалардың баянды болашақтары үшін ұстаздар мен ата- аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатымыз екенін айтып өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив