05
мамыр
2021
Ұсақ моториканы дамыту
Тараз қаласы №47 орта мектебінің дефектологы Есенбаева Айболсын жас мамандар апталығының онкүндігінде арнайы сынып оқушыларына "Ұсақ моториканы дамыту" тақырыбында түзету сабағын онлайн форматта өткізді. Түзету сабағының мақсаты: oйындар арқылы баламен қарым – қатынасты нығайтып, баланың өз – өзіне деген көз қарасын өзгерту, ойынға, оқуға деген ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру. Қимыл – қозғалыс қабілетін, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін арттыру, баланың тілдік тыныс алуын дамыту. |