Қазақ тілі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі онкүндігінің тақырыбы:
Тақырыбы: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,сыни ойлауын дамыту
Міндеттері:
-педагогикалық оқу технологияларын оқу-үрдісіне енгізіп, нәтижеге бағыттау,
-жеке тұлғаның шығармашылық-рухани және табиғи мүмкіншіліктерін дамыту;
-ақпаратты саралауға, өмірмен байланыстыра отырып бағалауға дағдыландыру.
І. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ
2017-2018 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде 10 мұғалім бар. Оның:
- Жоғары санатты мұғалім саны-6
- Бірінші санатты мұғалім саны-2
- Екінші с анатты мұғалім саны-2
- Санаты жоқ мұғалім-0
Онкүндік барысында төмендегі іс-шаралар атқарылды:
- «Үздік дәптер» байқауы
Ашық сабақтар: Досжанова Р.К- Ш.Құдайбердінің өмірі мен шығармашылығы-10 Ә сынып, Сұлтанаева Р.Т- Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі, 5 А сынып, Дүйсенова Л.О- Ғаламтор және мен-7 А сынып, Ибраемова Б.С. -Қазақстан халықтарының ассамблеясы-7 Д сынып, Досмайлова К.Ү.- Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі, 5 Б сынып, Тоғаева Н.Б.- Ғажайып планета, 5 Ә сынып, Әліпбаева С.Н- Махамбет Өтемісұлы «Мен едім», «Бағаналы терек» өлеңдері, 9-«Ә»сынып, Сапбекова И.Т.- Бағдаршам-5 Д сынып, Байырова Ж.Р.- М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы 7-«А» сынып, Жақсылықбаева П- Етістік, 6 В сынып.
Сыныптан тыс сабақтар: Ж.Байырова-шешендік сөздердегі тапқырлық- 8 А сынып. Л.Дүйсенова – Тілімде менің жыры терең сырым бар-8 Ә сынып
Дөңгелек үстел: «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үрдіске жақындау»
Интеллектуалды жарыс: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Әдеби-сазды кеш: «Жеткіземін қалай мен сезімімді...»