Өзін-өзі тану
№47 орта мектептің 2018 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің жұмыс
ЖОСПАРЫ
- «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы.
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастыру.
- «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциялар өткізу
- «Сен де бір кірпіш дүниеге» тақырыпта балалар үйінде тәрбиеленушілермен кездесу.
- Ана, мейірім, бейбітшілік, және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстар байқауы (эссе, өлең, шығарма,ашық хаттар, суреттер, қолдан жасалынған бұйымдар)
- Дебат: «Ана махаббаты» 9-11 сыныптар арасында
- Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы:
3-4 сыныптар арасында, 5-6 сыныптар арасында
- «Құлақтан кіріп бойды алар» атты әдеби қонақжай ұйымдастыру
- Ашық сабақтар:
- «Мейірімділік-асыл қасиет»-1 сыныптар
- «Өнеге отбасынан»-2 сыныптар
- «Кәусар бұлақ-тұнығынан» -3-4 сыныптар
- «Қызыққа толы бұл әлем»-5 сыныптар
- «Алтын жүрек анамыз» -6 сыныптар
- «Мейірім төгетін ана»-7 сыныптар
- Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндікте «Жеті күлгін түсті гүл» ертегісінен театрландырылған көрініс. 5-6 сынып.
- «Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндіктің өтілу барысын БАҚ басылымдарда жариялау.
- «Ән-көңілдің ажары» атты балалар арасында әндік фестивальдар мен конкурстар өткізу «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты жабылуы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Кітап көрмесімен танысу барысында бастауыш саты мен негізгі саты оқушылары қамтылды. Кітап көрмесімен мектептің кітапханашысы Б.Кунафина таныстырып өтті. Онда оқушылар адамгершілік, достық, махаббат жайында өздерінің төл туындылары мен ақын-жазушылардың шығармаларын жатқа айтып өтті.
Мысалы: Бейбарыс Шалабаев-10 А сынып оқушысы
Ана
Ана деген- дүниенің тірегі,
Ана деген – отбасының жүрегі.
Ана деген - өмірімнің шырағы,
Арманымды асқақтатар қыраны.
Жүрсең ылғи жан анам,
Шаттық кернеп өңіңді.
Таңдардай әр адам,
Жүрем мен де көңілді.
Әлденеге жабықсаң,
Жүрем мен де жабығып.
Әлденеге тарықсаң,
Жүрем мен де тарығып.
Қиындыққа қыңбағын,
Сағың ана сыңбасын.
Бір Алладан сұрарым,
Сізді жабықтырмасың.