11
қаңтар
2020
Тәуелсіздік тірегім-Қазақстан жүрегім
Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігі "Тәуелсіздік тірегім-Қазақстан жүрегім" атты тақырыпта ашылды. Пәндік апталық оқушыларға ел тарихын танып білуде тарихи тұлғалардың қоғамдағы қызметтерінен үлгі алу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру мақсатында жоспарланған. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігіне байланысты қабырға газеттері шығарылды, бұрыштар жасалды. Ашылу салтанатында еліміз аңсаған тәуелсіздік жолында қанша тарихи белестерден өткені туралы қысқаша тарихи көрініс қойылды. Тарих пәндер бірлестігінің мұғалімдері ұлы ғұламалардың - Геродот, Цыма Сянь, Томирис рөлдерін сомдап, оқушыларға өз елі үшін игі істер жасауға шақырды.




