«БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдық құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясы » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдық құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясы
12
ақпан
2019

«БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдық құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясы


 
           «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің Президенті Нұрманов Әбен   Алдабергенұлының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдық құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясына №47 мектептен мектеп директоры А.Б.Ботамкулованың бастауымен 19 мұғалім, 31 оқушы қатысып қайтты.  

Елбасымыздың «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты мақаласында айтылғандай біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес және де «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ламасында «Ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады, өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі» деген болатын. Осы мақсатта мектеп оқушылары Түркістан қаласының киелі орындарына саяхат жасап, әрі конференцияға қатысып, өз білімдерін шыңдап қайтты. Жарысқа әр сала бойынша қатысты. 3 мұғалім баяндама жасады, «Ғылыми жобамен» 7 оқушы, 5 оқушы авторлық өлеңмен, 9 оқушы көркем сөз оқумен, 1 оқушы «Панно, фетрмен» жұмыспен, 2 оқушы вокал бойынша, 7 оқушы би өнерімен. Атап айтсақ «Құрмет грамотасымен» 3 мұғалім, І дәрежелі дипломмен 3 мұғалім, «Бас жүлдемен» 11 оқушы, І орынмен 11 оқушы, ІІ орынмен 3 оқушы марапатталды. Оқушыларын қатыстырған мұғалімдердің барлығына «Алғыс хат» берілді. Барған оқушылар және ата-аналар ұстаздарға рахметін айтып, өздерінің рухани азықтанып қайтқанын, осындай жарыстарға оқушыларды көптеп қатыстыруын сұранды.


 
 
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив