09
маусым
2020
2020 жылдың 3 маусым күні 47 орта мектебінде биылғы мектеп бітіруші түлектермен " Қош бол Алтын ұя мектебім!" тақырыбында "Соңғы қоңырау" мерекесі және аттестатты салтанатты тапсыру кеші өткізілді.
2020 жылдың 3 маусым күні 47 орта мектебінде биылғы мектеп бітіруші түлектермен " Қош бол Алтын ұя мектебім!" тақырыбында "Соңғы қоңырау" мерекесі және аттестатты салтанатты тапсыру кеші өткізілді.Салтанатты кешке мектеп әкімшілігі және түлектердің ата- аналары қатысты.Мектеп директоры А. Б.Ботамкулова түлектерді құттықтап, аттестаттарын салтанатты түрде тапсырды.Салтанатты кеште түлектерге қала әкімі А. Қарабалаевтың құттықтау хаты тапсырылды. 2019- 2020 оқу жылындағы мектеп мақтаныштары "Алтын белгі" иегерлері Н.Хамзабек, А. Келменбетов, А. Мұхамедиярұлы, А. Аппасбекке "Алтын белгі" төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді. Салтанатты кеште түлектерді мектеп директоры А. Б.Ботамкулова, ата- аналар комитетінің төрайымы А.Ж. Тоғысова, сынып жетекшілер құттықтады. Түлектер "Алтын белгі " иегері Н. Хамзабек, М. Серикова алтын ұя мектебіне, барлық ұстаздарына шын жүректен өз алғыстарын жолдады.Мектеп бітіру кешінде карантин кезіндегі санитарлық талаптар ережеге сай сақталынды.
































