10
наурыз
2020
Ана өмірдің шуағы
2020 жылдың, 6 наурыз күні №47 орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай " Ана өмірдің шуағы " тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке ата - аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова қатысты. Оқушылар ұстаздарын мерекемен құттықтап өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл- күй сыйлады. "ЖасҰлан" ұйымы атынан " Әзілкештер" көңілді тапқырлар клубы өнер көрсетті.








