«Өнегелі отбасы» отбасылық сайысы.
Тақырыбы: «Өнегелі отбасы» отбасылық сайысы.
Мақсаты:
1.Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту.
2.Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
3. Балабақша-отбасы-бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Аналар бар өнерін салары анық
Өнегелі тәлімді алған қанып
Ал ендеше таныстырып өтейін мен
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.
1 бөлім-Таныстыру.Мен және менің отбасым
2 бөлім-Өз өнерлерін көрсету( екеуі бірігіп)
3 бөлім- Ситуациялық сұрақтар.Бала тілі-бал
4- бөлім- Мақал-сөздің мәйегі мақалды жалғастыру.
5 бөлім- Қолөнер.( үйден тағам әзірлеп келу,сол жерде аналар ою ояды, балалары ермексаздан бір затты мүсіндейді)


