13
қаңтар
2023
№47 орта мектебінде 2023 жылы 11 қаңтар күні жоғары сынып қыздарымен "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қыз балаларға рухани - адамгершілік тәрбиесін беру, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.Қыздармен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Дөңгелек үстел отырысына мектеп директоры А.А.Абдешова, "Анаға тағзым" коммуналдық мемлекетттік мекемесі директорының орынбасары Б.А.Муртазаева, №4 қалалық емхананың акушері Н.Драмкулова қатысты.
Акушер -дәрігер Н.Драмкулованың тарапынан қыздарға денсаулықтарына, жеке бас тазалықтарына қажетті пайдалы кеңестер берілді.
Б .А. Муртазаева қыздарға қазақ халқы қыз- болашақ ана, шаңырақ берекесі-деп оның тәрбиесіне баса мән бергендігін айта отырып, қыздарды ұлттық дәстүрімізге сай әдепті, инабатты, кішіпейіл, өнерлі болуға шақырды.
Мектеп директоры А.А.Абдешова қыз бала тәрбиесінің қоғамдағы рөлі жайында тоқталып өтті. Бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры, болашағы тұрғандығын, жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын түсіндіре отырып, қыздарға аналық кеңесін берді, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу - ата -ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, жүйелі жалғасатындығын жеткізді.