02
қыркүйек
2019
Адалдық сағаты
2019 жылдың 2 қыркүйегі күні Тараз қаласындағы № 47 орта мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің тікелей бастамасымен 1-11сыныптар аралығында сағат 10:00 де бірыңғай "Адалдық сағаты" өтілді. Сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күн тәртібіндегі басты мәселе екендігі түсіндіріліп, оқушылар төрт негізгі құндылықпен таныстырылды. Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттарымен таныстырылды. Мектепте өтілген "Адалдық сағатына" Турганов Ерболат Байданұлы келіп қатысты.