«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аталып өтті.
№47 мектепте «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аталып өтті.
01.02.2019ж күні
- Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы өткізілді.
- Оқушылармен фойеде мерекелік бағдарлама жасалды.
- Балаларға адамның жүрек жылуының қанша белестерге апаратынын түсіндірілді.
04.02.2019ж күні
- Мектеп кітапханасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармалары көрмесі ұйымдастырылды.
- Оқушылар С.А.Назарбаеваның өмір тарихымен танысты.
- «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыптарда әңгімелер мен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентацялары өткізілді.
- «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқаулары өткізілді.
06.02.2019ж күні
- 7 сыныптар және мектепалды даярлық топтар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
- 9 сынып оқушылар арасында патриоттық тақырыпта дебат өткізілді.
- «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының (суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар және т.б.) фестивалі, көрмелер және эссе конкурстары ұйымдастырылды.
07.02.2019жыл.
- «Ән – көңілдің ажары» атты балалар арасында әндік фестивальдар мен мерекелік концерт өткізілді.
08.02.2019жыл.
- Балаларды тарта отырып, театрланған қойылымдар мен спектакльдер өткізілді
- Балалар мен жас мамандар арасында театрландырылған көрініс-пародиялар қойылды.
- «Сен де бір кірпіш дүниеге» тақырыбында біздің мектептің түлегі, Сарымолдаев балалар үйінің тәрбиеленушісі, КазГУ-дың журналистика факультетінің студенті Жұлдызбай Сымбатпен кездесу өтілді.
11.02.2019жыл.
- Оқушылар спорттық кешендерге, ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға барды.
- Балалар спорттық кешендерге барып, спорт түрлерімен танысып, ойнап, серігіп қайтты.
- Демеушілер мен меценаттарды тарта отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, емдеу мекемелеріндегі, балалар үйлеріндегі балаларға сыйлықтар сыйлап, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
- Мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын балаларға үйлеріне барып әңгімелесіп, сыйлық таратылды.
12.02.2019жыл.
- 2019 жылдың 12 ақпанында № 47 мектепте «Мейірімділік-асыл қасиет», «Өнеге отбасынан», «Кәусар бұлақ-тұнығынан», «Доброта – солнце, согревающее сердце человека», «Қызыққа толы бұл әлем», «Утро радостных встреч» және «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бірінші сабақтар өтілді.
- Оқушылар сабақтарда «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығының адам өмірі үшін өте маңызды екенін ұғынды.
- «Бәрі Сүйіспеншіліктен басталады» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
- Балалар мәжіліс залында мерекелік іс-шараға қатысты.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша бейнесабақтарды жергілікті және республикалық телеарналарда трансляциялау, онкүндіктің өтуі туралы БАҚ басылымдарында жариялануы:
«Жамбыл спорты» облыстық газетіне «Мен қазіргі заманның ұстазымын» өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қ.Кентаеваның материалы жарияланды.
Барлық жоғарыда аталған іс-шаралардың ақпараттарын фото және бейне материалдармен бірге Facebook әлеуметтік желісіндегі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі парақшасында күн сайын орналастырылып отырды.