29
тамыз
2020
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!
Сіздерді 30 тамыз- Конституция күнімен құттықтаймыз. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!