Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады.
«Жамбыл огблысы әкімдігінің білім басқармасының №47 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 65 оқушы 11-сыныпта оқиды. Оның ішінде 41 оқушы қаңтар айында ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады. Оқушыларға және ата-аналарға биылғы оқу жылындағы ҰБТ тапсырудағы ерекшеліктер түсіндірілді:
Тестілеу "1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі. Тестілеуді өткізу уақыты – 4 сағат (240 минут). "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге 2022 жылы қосымша 40 минут уақыт берілді. Сонымен қатар, қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылатыны, тестілеуге қатысу құны 5640 теңге болғандығы және санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігі ескертілді.