ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?! » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?!
12
қазан
2020

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?!

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР:

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?!


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жӛніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 345 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту ерекшеліктері.



1. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ТАҢДАУ

  • телесабақтар арқылы;
  • интернет-платформаларды пайдалану;
  • пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушылармен жіберу.


2. БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН 

  • қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіні;
  • мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр күн сайын қанша оқу пәні оқылатыны (мұндайда пәндер бойынша сабақ уақыты барлық сыныптар үшін көрсетілмейді);
  • бір пән бойынша сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні және оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны;
  • «ELARNA», «БАЛАПАН» телеарналарынан телесабақтарды көрсетілетіні (кесте);
  • телесабақтарды кез келген ыңғайлы уақытта BilimLand платформаларынан, youtube-арналарынан қайта көруге болатыны;
  • қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының – BilimLand, Kundelik.Kz, Daryn.online, Microsoft TEAMS, Google Class Room мүмкіндіктері;
  • бір күн ішінде білім алушыларды оқытудың жеке кестесі;
  • әр күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау;
  • электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату;
  • электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі;
  • қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететінітуралы ХАБАРДАР ЕТУ.


3. Мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес бірінші тоқсанның барлық оқу пәндері бойынша сабақтар 100% өткізіледі («Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» және т. б.).


4. Сабақтарды қашықтықтан өткізу кезеңінде ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ТӨМЕНДЕГІНІ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ:


  • Ата-аналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне арқылы растауын талап етуге болмайды;
  • Электрондық журналдарды толтыру қажет болған жағдайда жүргізіледі;
  • Қашықтықтан оқытуға қатысты мұғалімдерден есептердің қосымша түрлерін толтыруы және тапсыруы талап етілмейді;
  • Білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі
      ҚР БҒМ ұсынған көлемдерден аспауы тиіс;
  • Білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру қажет.



 ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМАЛАР АРҚЫЛЫ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ


Сабақ жоспарының негізінде педагог білім алушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады.Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады.


Ұсынылатын интернет- платформалар:

  • BilimLand;
  • Kyndelik. Kz;
  • Darin online.


Цифрлық білім беру ресурстары:

  • Mektep.OnLine; 
  • QaradomalakStudio;
  • Оpiq.kz;
  • Microsoft TEAMS;
  • GoogleClassRoom.


Бұл интернет-платформалар оқу процесін онлайн режимде ұйымдастыруға арналмаған.

Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады.

Кері байланысты kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылыжүзеге асыру ұсынылады(мұғалім кері байланысты ұсыну кезеңділігін өз бетінше анықтайды).


Контентті әзірлеу және қашықтықтан сабақ өткізу алгоритмі:

1. Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т.б.).

2.Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау

3. Оқу құралдарының тізбесін анықтау:

4. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету:

  • электрондық пошта;
  •  Darin online т.б.

5. Әр түрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер, инфоргафика және т. б.).

6. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.).

7. Білім алушыларға мұғалімнің бейне сабағын (егер ол бұрын жазылған болса) кез келген уақытта қарауға мүмкіндік беру (офлайн режимі).

8. Білім алушыларға:

  • барлық білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру;
  • шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т. б.), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б.;
  • әлеуметтік желі чатында, поштада топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарды  (рөлдерді бөлу);
  • дидактикалық принциптерге сәйкес оқу материалын  және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сапалы дайындауын;
  • ЦБР -ының сілтемелерін көрсете отырып, өздігінен оқу және орындау үшін үй тапсырмасын беру.

9. Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:

  • оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау;
  • орындалған тапсырмаға талдау жүргізу;
  • пікір жазу және ұсыныстар беру;
  • білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру;
  • оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;

Кері байланыс:

  • электрондық журналдар, интернет-платформалар;
  • электрондық пошта;
  • whatsapp, telegram мессенджерері және т. б.;
  • ұялы және стационарлық телефон байланысы;
  • пошта байланысы арқылыжүзеге асырылады.


 ИНТЕРНЕТ БАЙЛАНЫСЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫН ҚАЗПОШТА АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУ

Білім алушылар үшін қағаз-тасығышта:

Ø  сынып атауын, пән атауын, сабақ тақырыбын, оқулық бетін көрсету,

Ø  тақырып бойынша қысқаша конспект жазу,

Ø  өздігінен бекіту және орындау үшін оқулықтан сұрақтар тізімін белгілеу,

Ø  тақырып бойынша қосымша материалдар ұсыну және кері байланыс механизмі жіберіледі.


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БОЛЖАМДЫ КҮН ТӘРТІБІ

  1. Оқу пәндері материалдар мен оқу тапсырмаларын қарау (әркім уақытын өзі анықтайды).  
  2. Білім алушы сынып жетекшісіменбайланыста болады (қажетт жағдайда). 
  3. Оқушы алған тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта орындайды және орындап болған соң мұғалімдерге жібереді. 

4.  Кез келген қолжетімді режимде мұғаліммен бірге жұмыс істейді немесе туындаған сұрақтарын жазады.

5.  Келесі күнді жоспарлайды.


 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК


 «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау ӛткізіледі. Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бӛлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс ӛткізеді. БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 5-15 қазан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың 28 қазаннан бастап ӛткізу ұсынылады. БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. Әдістемелік ұсыныстарда 2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ ӛткізілетін пәндердің саны мен атауларын кӛрсететін кестелер бар (8 қосымша) 297 1-сныпты бағалау жүргізілмейді. Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы тӛтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың рубрикаторларын пайдаланады. Мұғалімге қалыптастырушы бағалауды әр сабақта ӛткізу міндетті емес. Мұғалім орындалған жұмыс кӛлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін дербес анықтайды. Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.












Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwersoulp
5 Ақпан 2023 11:57
Детальнее тогда

скачать мод beamng drive
klsieolwersoulp
5 Ақпан 2023 13:43
Детальнее тут

xexmenu xbox 360