01
желтоқсан
2021
№47 мектепте 24.11.2021ж күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтілді.
№47 мектепте 24.11.2021ж күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтілді. Семинардың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тілдік дағдыларды дамыту. Қалалық білім бөлімінен әдіскер Шеримова Гауһар Жылысбековна және қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Семинарда тәжірибелі мұғалімдер Тоғаева Н., Досжанова Р., Сапбекова И. ашық сабақ, Жақсылықбаева П.Ж, Нұрбекова Г.А. коучинг өткізді және Дүйсенова Л., Әліпбаева С. «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сыныптан тыс жұмыспен семинарды қорытындылады. Семинар өте жоғары деңгейде бағаланды.


