Наурыз мерекесінде өтілген іс- шаралар
№47 орта мектебінде 2022 жылы 18 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні -22 наурыз мейрамына орай "Қош келдің-Әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеште мектеп директоры А.Ботамкулова, ата- аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Мақсаты: Наурыз мерекесін ұлттық салт- дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, жас ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.