Парасатты отбасы
№ 47 орта мектебінде 2020 жылдың 15-30 қыркүйек күндері аралығында "Парасатты отбасы" байқауы ұйымдастырылып, ата- аналар белсенді қатысуда. Байқаудың мақсаты: Қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және үлгілі, үздік отбасыларды анықтау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, мейірімділік қасиеттерді дамыту. Абыройлы, парасатты, креативті және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын отбасылар қатарын көбейту. " Парасатты отбасы" байқауына қатысушы Сағынбековтар отбасы.