47 мектепте өткізілген "Мектебіңе тал сыйла!" акциясы
№ 47 орта мектебінде 1 -20 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында оқушыларға экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында "Мектебіңе тал сыйла!" акциясы дәстүрлі түрде биыл да жалғасын тапты. Мектеп ауласын жасыл желекпен көмкеру әрі оқушыларды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған бұл игі бастама ата- аналар тарапынан да үлкен қолдау тауып, ата- аналар мектепке келіп тал егіп акцияға белсенді қатысты.