Үйде оқитын балалардың ата-аналарымен кездесу, телефон арқылы сұқбаттасу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Үйде оқитын балалардың ата-аналарымен кездесу, телефон арқылы сұқбаттасу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал, ата-аналардың педагогпен әрекеттесуге құлшынысы өте маңызды болып табылатын көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл топтағы балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген. Балаларды оқыту мен оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет. Отбасыға барып жүрген педагог ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы керек.
Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда.
№47 орта мектепте 2022-2023 оқу жылындағы үйде оқитын оқушылар саны- 14. Бастауыш сыныптар бойынша- 9 оқушы, ал негізгі буында-5 оқушы қамтылған. ПМПК қорытындысы негізінде» мектепішілік №337 бұйрыққа сәйкес үйде оқытылатын оқушылардың тізімі, №338 бұйрыққа сәйкес сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері бекітілген. Үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен келісілген сабақ кестелері жасалған.
Үйде оқитын балалардың ата-аналарымен кездесу, телефон арқылы сұқбаттасу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. ДОІЖО Райымжанова А.Е. әрдайым үйде оқитын балалардың ата-аналарымен телефон арқылы қоңырау шалу, әлеуметтік желіден жазбалар жазу арқылы оқушылардың денсаулық жағдайлары мен эмоционалдық көңіл-күйлерін сұрап отырады. Сонымен қатар, сұқбаттасу барысында ата-аналардан сабақтардың уақытылы өтіліп жатқандығы, мұғалімдердің педагогикалық этикасы туралы сөйлесіп, пікір алмасады. Сұқбаттасу кезінде ата-аналардан «Шағымдарыңыз бар ма?» деп сұрап отырады, алайда осы күнге дейін ешқандай шағым болған емес, тек ата-аналардан алғыс пен ризашылық естіп отырады, бұл өте қуантардық жағдай. Ата-аналардың үйлеріне барып немесе мектепке шақыру арқылы мектеп әкімшілігі үйде оқитын балалардың ата-аналарымен кездесуді жиі ұйымдастырып отырады. Әсіресе, мереке күндері, оның ішінде жаңа жылдық сыйлықтарды тарату кезінде ата-аналармен кездесулер көп болды. Ата-аналардың барлығы мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
Әр педагог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын, ата-анасымен бірлесе немесе баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды жүргізеді.
Отбасылық психология мен педагогика саласындағы мамандар отбасылық тәрбиенің келесі түрлерін бөліп көрсеткен:
− құптаушылық, гиперпротекция, отбасының бар назары балада болады. отбасы мүшелері оның барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ұмтылады. Шектен тыс қамқорлықтан ата-анасы баланың бастамашылдығын шектейді. Сонымен қоса олар баланың болмашы жетістіктеріне, табысына қуанады. Сол кезде бала да өз өзін жоғары бағалай бастайды. Балада ересектердің назарына, олардың құптауына жоғары құштарлық пайда болады. Сондай-ақ назардың жоғары болғанының салдарынан баланың өзін өзі бағалауы тым артып, ол ары қарай әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында расталмайды. Балаға қарым-қатынастың бұлай өзгеруін дұрыс бағалай алмайды және жаңа жағдайға агрессиямен немесе апатиямен, бірнәрсені жасаудан бастарту немесе невротикалық реакциялармен жауап береді.
− басымдық, гиперпротекция, ата-анасы балаға көп күш пен уақытты жұмсағанымен оған көптеген шектеулер мен тыйымдар қояды. Нәтижесінде баланың бағыныштылық, тәуелділік, дербестіктің болмауы сияқты тұлғалық қасиеттері дамиды;
− эмоционалдық шеттету ата-анасы баланың тағдырына немқұрайлы қарағанда болады. Немқұрайлық немесе антипатия үнемі тікелей қатыгездік түрінде болмайды, бірақ ол балада эмоционалдық жетілмеушілік пен агрессияны туындатып психикасына зиянды әсер етеді. Бала мен ата-ана арасындағы махаббат, өз қадірін сезіну сияқты құндылықтарға ата-анасының немқұрайлы қарауы баланың жекелігін, мінезінің өзіндік ерекшеліктерін қабылдамауын күшейте түседі. Бұндай ата-аналар өз баласының жетілмегендігінен ұялып, адамдардан жасырады, баламен бірге қоғамдық орындарға бармайды. Ол бала дамуының қайтадан тежелуі мен бұзылуына соқтырады және бала мен қоғам арасында еңсерілмейтін алшақтық пайда болады;
− ата-ананың жоғары моральды жауапкершілігі баланың эмоционалды қажеттіліктеріне назар аудармай, балаға жоғары талаптар қоюда көрініс табады. Баланың жетілмегендігін қабылдамай, ата-анасы оның кемістіктерін байқамай, мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бұндай жағдай балада невротикалық, үрейлікүмәнданғыш күйлердің пайда болуына әкеледі;
− гипопротекция (гипоқамқорлық) бала өз бетімен қалып, ата-анасы онымен қызықпаған, қадағаламаған жағдайда болады. Ата-анасы баланың қажеттіліктерін, ең алдымен көңіл бөлуге, жетекшілік, қорғаудағы мұқтаждығын дұрыс бағалай алмайды.
Осылайша, гипоқамқорлық жағдайында тәрбиеленіп жатқан балаға отбасы тарапынан уақытында көмек пен қолдау көрсетілмегендіктен, оның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі бұрмаланады. Ал бұндай жағдай дамуында бұзылыстары бар балаларда дамудың одан сайын артта қалып, сәйкес емес реакциялардың туындауына әкеліп соқтырады. Соған қарамастан ата-аналар балаларының барлық қиындықтарын мектеп шешу керек деп ойлайды. Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірінше, мүмкіндігі шектеулі (оның ішінде зерде дамуында бұзылыстары бар) балаларды тәрбиелейтін отбасылардың көбісінде белгілі бір сипаттамалар бар:
− ата-аналар жүйке-психикалық және дене жүктемесін, шаршау, күш түсу, үрей мен бала болашағына қатысты сенімсіздікті сезінеді;
− бала дамуының нәтижесі, мінез-құлқы ата-аналары күткендей болмағандықтан, олар ашушаңдық, күйініш, қанағатсыздықты сезінеді;
− отбасы ішіндегі қарым-қатынастар (ерлі зайыптылар, басқа балалар арасындағы
қарым-қатынас) бұзылалады және өзгереді;
− отбасыдан тыс қызметтер (таныстар қатарының шектелуі, үйреншікті өмір салтының өзгеруі, бір отбасы мүшесінің жұмыстан шығуға мәжбүр болуы) бұзылуының салдарынан отбасының әлеуметтік мәртебесі төмендейді;
− дамуында бұзылыстары бар баланы, оны тәрбиелеу мен емдеудегі отбасының күш-жігерін теріс бағалайтын қоғамдық пікір отбасылық ахуалға «залалды» әсер етеді. Сол мезетте ата-аналар өз балаларының дамуына арналған қолайлы жағдайлар жасау үшін көп күш жұмсайды. Дегенмен, көбінесе олардың нәтижелі оқыту әдістері туралы білімі аз, кейде тіпті өз баласының психологиялық-физиологиялық жағдайын түсінбейді, оған қалай көмектесерін, ересек өмірге қалай дайындайтынын білмейді.
Сондықтан педагог баланы оқытумен қатар, оның ата-аналарын да түзету тәсілдеріне үйретеді, даму ерекшеліктері туралы айтады, өз оқушысының аз да болса жетістіктеріне назарын аударады.
Психологиялық жарақаттық жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарға өте әдепті және ұқыпты қарап, өз тарапынан отбасыдағы татулықты нығайтуға тырысу керек. Осындай «жылы» қарым-қатынас отбасындағы қалыпты психологиялық ахуалға ықпал етеді. Ал ата-аналардың хал-жағдайындағы кез келген ауытқушылықтар міндетті түрде баланың мінез құлқынан көрініс табады.
Жоғарыда жазылған мәліметтерді ескере отырып, мынадай ұсыныстарды ұсынамыз:
- Үйде оқитын балалардың ата-аналарымен кездесу, телефон арқылы сұқбаттасу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін;
- Үй жағдайында оқитын оқушысы бар сынып жетекшілер әрдайын ата-аналармен тығыз байланыста болсын;
- Үйде оқыту бағдарламасы бойынша қамтылған оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдері ата-аналармен байланыс жасап, «Ата-аналармен байланыс парағын» толтырып, білім алушының үлгерімі туралы сұқбаттасу жүргізілсін;
- Ата-аналармен сұқбаттасу барысында олардың эмоционалдық ерекшеліктері ескеріліп, мұғалімдер «педагогикалық этиканы» қатаң ұстансын;
- Үй жағдайында білім алатын балалардың ата-аналарының психологиялық жағдайына аса мән беріліп, оларға педагогикалық-психологиялық көмектер көрсетілсін;
- Ата-аналарды мектепте өтетін жиналыстар мен кездесулерге, дөңгелек үстелдер мен мерекелік іс-шараларға қатыстыру жұмыстары жүйелі жүргізілсін;
- Ата-аналармен кездесу ұйымдастыру, телефон арқылы сұқбаттасу жұмысын қадағалау жауапкершілігі ДОІЖО Райымжановаға жүктелсін.