11
ақпан
2022
Кім болам
Тараз қаласы 47 орта мектебінде мектепішілік жоспардың негізінде балаларды жастайынан мамандыққа тәрбиелеу барысында 4-сынып оқушыларымен "Менің болашақ мамандығым"тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Сынып жетекшілер Нұрсейтова Ш,ЖайкенЛ,Әліпбаева Д,Омарова Ш,Тәжіметова Г сынып сағатында балаларға мамандық туралы тың деректер айтты.4-сынып оқушылары мамандық туралы өз ойларын ортаға салып,"Кім болам" тақырыбында ойтолғауларын оқыды.Мамандық туралы көрініс көрсетіп,мақал-мәтел,жұмбақ сөзжұмбақты шешті.Қорытындысында бастауыш сынып балалары мамандық туралы өздеріне ой салатындай әсер қалдырды.