Тараз қаласы, №47 орта мектепте 25.11.2021 күні 15 жасар оқушылармен PBTS халықаралық зерттеуінің апробациясы өткізілді.
Тараз қаласы, №47 орта мектепте 25.11.2021 күні 15 жасар оқушылармен PBTS халықаралық зерттеуінің апробациясы өткізілді. Ондағы мақсатымыз: оқушылардың функционалды сауаттылығын анықтау. Ал, зерттеудің мақсаты: 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейін бағалау. Нақты осы жастағы оқушыларды іріктеудің себебі, әлемнің көптеген елдерінде бұл жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуы - аяқталатындығымен түсіндіріледі. Жастар осы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ білім алу траекториясын анықтайды.
PBTS халықаралық зерттеу апробациясына 45 оқушы қатысты. Математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Жаһандық құзіреттілік бойынша тест тапсырмалары және оқушының даму деңгейі бойынша сауалнама алынды. Зерттеу апробациясы сәтті өтті.