Қашықтықтан оқыту кезінде ата – аналарға және білім алушылардың (заңды өкілдеріне) арналған нұсқаулық.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№47 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қашықтықтан оқыту кезінде ата – аналарға және білім алушылардың (заңды өкілдеріне) арналған нұсқаулық.
Тараз қаласы
Мазмұны.
1.Қашықтықтан оқытуға дайындық
2.Қашықтықтан оқу кезіндегі нұсқаулық
3.Қашықтықтан оқудан кейінгі жасалатын кері байланыс
4. Қашықтықтан оқудағыата–ананыңміндеттері
5. Нені ескеру қажет.
6. Ата – аналар есіне ......
7. Ата – анаға кеңес
8.Сізден сұрайтынымыз ......
9. Балаңызбен бірге.....
1.Қашықтықтан оқытуға дайындық
1.Сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына жақын болуы керек.
2. Компьютерді, телефонды зарядтап, дайындау керек.(алдын –ала)
3.Баланың арнайы сабақ оқитын орны болуы керек.
4.Баланың сырт келбеті тазалығы, киімі талапқа сай болуы керек.
(сабақ уақытында жатын киіммен, халатпен отырмауы керек)
5.Оқушы сабақ тыңдайтын бөлмеде тыныштық сақталуы керек, сыртқы дыбыстарды өшіру керек.
(ешкім, басқа балалар, үй жануарлары кедергі келтірмеуі керек)
6.Қазіргі жағдайға байланысты балаңыздың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыра біліңіз.
Қашықтықтан оқу кезіндегі нұсқаулық
1.Сабақ уақытында баланың бөлмеден шықпауы, алаңдамауы, қамтамасыз етілуі керек.
2. Егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып, оқушы қолын көтеріп жауап бере алады.
3.Оқушы мұғалімнің нұсқаулықтарын қатаң орындауы керек.
4.Мұғалімге сұрақтар сабақ түсіндіргеннен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады.
5. Сабақ түсіндірген кезде ата – аналар мен балаларға чатта жазуға тиым салынады, (тек дыбыс естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат етіледі.)
6.Балаларға жауап бергенде орнынан тұру қажет емес.
7.Мұғалімнің рұқсатынсыз сурет, бейнетаспаға түсіруге, әлеуметтік желілерге жариялауға қатаң тиым салынады.
8.Сабақ барысында ата – аналарға араласуға шектеу қойылады.
Қашықтықтан оқудан кейінгі жасалатын кері байланыс
Қашықтықтан өтілетін сабақтардың жай сабақтардан ерекшелігі сабақтың уақыт ұзақтығында. Жай сабақтар 40 минут ұзақтықта өтілсе, қашықтықтан өтілетін сабақтардың ұзақтығы 30 минут, және осы уақыт аралығында мұғалім түсіндірмеге 5-6 минут уақыт арнайды, қалған уақыт аралығында оқушымен кері байланыс немесе тапсырма беріп оны орындау мүмкіндіктерін бақылайды.
Кері байланыс күнделік кз, «Daryn online» арқылы жүргізіледі.
Қашықтықтан оқудағыата–ананыңміндеттері
- Баламен бірге күн режімін жасау;
- Баланың қолдаушысы ,кеңесшісі болу;
- Сабырлық ,шыдамдылық таныту;
- Жаңа тәжірибені қабылдау;
- Құрылғылармен шама келгенше қамтамасыз ету;
- Балаға бағыт беруге көмектесу;
- Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшінің ресми ақпаратына ғана назар аударыңыз.
- Оқу үшін білім алушыға жағдай жасау;
- Балалардың оқуын, білім алушылардың өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асыру;
- Сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болу.
Нені ескеруіңіз қажет……
- сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);
- сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
- сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
Ата –аналар есіне……
- сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
- сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Ата- аналарға кеңес
- Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз. Олардан өзіңізді бұрын қолданбаған қосымшаларды қолдануға үйретуді сұраңыз;
- Пайдалы сайттарды, танымдық ресурстарды ашуға үйретіңіз;
- Ақпаратпен танысқаннан кейін не қызықты екенін сұраңыз;
- Балаларыңызға өздері туралы ақпаратты желіде орналастырмау керектігін түсінуге көмектесіңіз;
- Егер Сіздің балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай хаттарда жазылғандарға сенбеуге және жағдайда оларға жауап бермеу керектігін ескертіңіз;
- Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтынын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда келіссіз немесе агрессивті мазмұндағы фотосуреттер, бейнелер болуы мүмкін екенін жеткізіңіз;
- Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтуы мүмкін және өздерін басқа адамдардың атынан көрсетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
- Балаларыңызбен үнемі сөйлесіп отырыңыз, интернеттегі басқа адамдардың іс-әрекеттеріне қалай дұрыс әрекет ету және жауап беру туралы кеңес беріңіз;
- Егер біреу желіде ренжітсе немесе агрессивті мазмұндағы материалды көрсе балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз;
- Сіздің балаларыңыз қолданатын компьютерде жасына қарай зерделеу құралдары орнатылып, дұрыс конфигурацияланғанына көз жеткізіңіз.
Сіздерден сұрайтынымыз….
- Балаңыздың аз уақыт онлайн болуын, көп уақытын өз бетімен жұмыс жасауын қадағалаңыз….
- Үй тапсырмаларын уақытында орындап, мұғаліммен кері байланыста болуын қадағалаңыз….
- Балаңыздың қосымша тапсырмалар орындауын, әдеби кітаптар оқуын,телеарна сабақтарын уақытында көруін қадағалаңыз…
Балаңызбен бірге……
- Таңғы жаттығулар жасау;
- Дұрыс тамақтану;
- Би ұйымдастыру;
- Серуендеу аулада
- Кітап оқу
- Бірге фильм көру;
- Үй шаруасынаи тарту;
- Өлеңдер жаттау
Тәжірибелер жасау;
Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда
бізбен бірге болыңыз…