Хабарландыру !

Хабарландыру!
Құрметті ұстаздар, ата – аналар!
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 13.02.2019 жылғы №488 шығыс хатының және мектепішілік 21.02.2019ж №133 «2018-2019 оқу жылында мектепте қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салу туралы» бұйрығының негізінде педагогтарға сыйлық беруге, жыл бойындағы барлық мерекелерде, (ұстаздар күні, 8,22 наурыз т.б.) туылған күндерде және мектептегі өткізілетін мерекелік іс–шараларға, тексеру жұмыстары, безендіру және басқа да мақсаттарға ата – аналардан мәжбүрлеп қаражат жинауға қатаң тиым салынады.
Мектепішілік 01.04.2019 жылы №207 «2018-2019 оқу жылында мектепте қаражат жинауға қатаң түрде тиым салу туралы» бұйрығының негізінде алдағы жөндеу жұмыстарына емтихан, және мектеп бітіру кешіне, мерекелерге т.б. қажеттіліктерге қаражат жинауға қатаң түрде тиым салынады.
Осы бұйрықтың орындалуы мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң бақылауда болады.
Мектеп әкімшілігі